ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылордада халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер қолға түсті. Қызылорда облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді.
«Аталған шара барысында Қызылорда қаласының халықаралық іздеуде жүрген 44 жастағы тұрғыны қолға түсті. Ол екі жылдан бері тергеуден бой тасалап жүрген болатын. Полицейлер күдіктіні Қызылорда қаласында жасырынып жүрген жерінен анықтады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында 11 жыл іздеуде болған қылмыскер қолға түсті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.