Қызылордада ертең бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды
22:14, 10 Желтоқсан 2023
Қызылорда қаласында ауа райының қолайсыздығынан төменгі сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды Kazinform.
Бұл жөнінде Қызылорда қалалық білім бөлімі мәлім етті.
"Қызылорда қаласы бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты ертең, 11 желтоқсанда 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқытылады. Бұл шешім қаладағы 56 мектеп пен жеке мектептердің бастауыш сыныптарына қатысты", - деп жазылған хабарламада.