Қызылорда қаласында ауа райының қолайсыздығынан төменгі сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды Kazinform.
Бұл жөнінде Қызылорда қалалық білім бөлімі мәлім етті.
"Қызылорда қаласы бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты ертең, 11 желтоқсанда 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқытылады. Бұл шешім қаладағы 56 мектеп пен жеке мектептердің бастауыш сыныптарына қатысты", - деп жазылған хабарламада.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.