Осы күндері Қызылорда облысында 5 мобильді бекет қызмет атқарып тұр.
— Іс-шара кезінде 38 есірткі құқықбұзушылығы анықталды. Оның 27-сі — есірткі өсіру фактісі, 11-і — есірткіге байланысты қылмыстық теріс қылық. Заңсыз айналымнан 92 килограмм 124 грамм есірткі заты тәркіленді. Есірткі өсірумен айналысқан 21 адам құрықталып, оның 10-ы қамауға алынды. Әскери тікұшақ арқылы 15 мәрте әуеден шолу жүргізіліп, есірткі өсірудің 12 дерегі анықталды. Мобильді бекеттерде қызметтік іздестіру иттерінің көмегімен есірткіге қатысты теріс қылықтың 6 дерегі әшкере болды, — деді облыстық полиция департаментінің басқарма бастығы Біржан Бағысов.
Бұған дейін біз Қызылорда қаласы маңындағы Абай және Бірқазан ауылдарының маңында есірткі өсірудің 2 дерегі тіркелгенін жаздық.