ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында аса ірі көлемде синтетика сатпақ болған адам қолға түсті. Ол қалаға қарасты елді мекендердің бірінде мұғалім қызметін атқарған.
Облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы күдіктіні бақылауда ұстаған.
«Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 34 жастағы тұрғын қолға түсті. Сараптама қорытындысы көрсеткендей, тінту кезінде тәркіленген ұнтақ салмағы 261 грамм α-PVP психотроптық заты екені анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды, тергеу жалғасуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада каналдан белгісіз жағдайда қаза тапқан 50 жастағы адамның мәйіті шығарылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.