АСТАНА. KAZINFORM - Қызылордалық полицейлер зейнеткерді тонап кеткен күдіктіні ұстады.
Бұл бағытта Қызылорда қаласы Полиция басқармасының жедел уәкілдері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде 64 жастағы зейнеткерді тонаған күдікті ұсталды.
«Қала аумағындағы сауда орталығының алдында тұрған дүңгіршектен 30 жастағы азамат сауда жасаған. Артынша терезесін сындырып кассада тұрған ақшаны алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Тонау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында Сырдария аудандық сотында әйелін өз-өзін өлтіруге дейін жеткізген ер адамға қатысты сот үкімі шықты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.