Қызылордада фармацевтік қызмет саласында ереже бұзғандар анықталды

Фото: Қызылорда облыстық ПД

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысының полиция департаменті «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын жариялады. 

Ол есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымы фактілерін анықтауға және қылмыстың жолын кесуге бағытталды.

— Іс-шара барысында 48 дәріхана, 12 медициналық ұйым және прекурсорлар айналымына байланысты 23 ұйым тексерілді. Сондай-ақ фармацевтік қызмет, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы ережені бұзудың 23 дерегі тіркелді, — делінген хабарламада. 

Осы орайда полиция есірткі мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы қоғамға елеулі қауіп төндіретінін және ол үшін қатаң жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде фармацевтика саласына жүргізілген аудит қорытындысы бойынша 5 іс Бас прокуратураға жолданды