Қызылордада халықаралық суретшілер симпозиумы басталды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысында жарияланған Руханият жылы аясында халықаралық «Қылқаламда мәңгілік ел бейнесі» атты суретшілер симпозиумы басталды. Салтанатты шарада Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов келушілерге алғыс білдіріп, суретшілерге сәттілік тіледі.
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі
Симпозиумда Халық суретшісі Ә.Қастеев бастаған қылқалам шеберлерінің картиналары жас ұрпаққа насихатталып, мәдени мұраны көздің қарашығындай сақтау, бейнелеу өнерінің қазіргі бағыты мен дамуы туралы айтылады.
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі
Халықаралық симпозиумға Өзбекстан, Қырғызстан елдерімен қатар, республикаға танымал қылқалам шеберлері мен жергілікті суретшілер қатысып жатыр.
Қылқалам шеберлері облыс тарихымен танысып, көрнекті жерлерін аралады. Қаланың ескі келбетіне көз салды.
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі
Осы арқылы суретшілер қазіргі қаладағы өзгерістерді композицияға бейнелейді.
21 мамыр Өнер орталығында ұйымдастырылатын көрмемен симпозиум жұмысы мәресіне жетеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын халықаралық айтыста Мұхтар Ниязов бас жүлде алды.
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.