ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда қаласында кафеде болған өртте құтқарушылар 14 адамды эвакуациялады.
Оқиға Қызылорда қаласындағыб қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан кафеде болды.
«Кафеде болғанг өртті сөндіру барысында құтқарушылар баспалдақ арқылы 14 тұрғынды эвакуациялады. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт сәтті жойылды. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында екі адамды тоқ соғып, мерт болды.
Шиелі кентінде болған оқиға барысында электр тогының соғуынан 2 адамның қаза тапқан.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.