Қызылордада қала ортасында тапаншамен жүрген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Kazinform.
«Құқықтық тәртіп» жедел шарасы барысында 21 қарашада Қызылорда қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері аулаларды аралап, құқықтық тәртіптің сақталуына назар аударды.
«Аралау барысында қала тұрғынының шалбарынан қара түсті тапаншаға ұқсас зат алынған. Ұсталған азамат Қызылорда қаласының 19 жастағы тұрғыны екені анықталды. Баллистикалық сараптама тағайындалды. Полицейлер тексеру жұмыстарын жүргізуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция дпартаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жалған ақшамен сауда жасаған тұрғын бас бостандығынан айырылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.