ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда қаласындағы каналдан белгісіз жағдайда қаза болған 50 жастағы адамның жансыз денесі табылды.
Оқиға Қызылорда қаласына қарасты «Бәйтерек» шағын ауданы маңындағы «Ардақ» суару каналында болған. «Облыстық төтенше жағдайлар департаменті Жедел құтқару жасағының күшімен каналдан белгісіз жағдайда қаза болған 1973 жылы туған адамның мәйіті шығарылды. Оқиға орнында 5 құтқарушы 1 техника,1 қайықпен жұмыс істеді. Суару каналының ені 10 метр болса, тереңдігі – 1 метр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергеновтің айтуынша, облыс су айдындарында 4 адам қаза тапқан. Олардың 1-еуі ересек болса, қалғаны балалар.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.