Қызылордада кәріз құдығына құлап кеткен баланың мәйіті сыртқа шығарылды
Қызылорда қаласында абайсызда қалалық кәріз құдығына құлап кеткен сегіз жастағы баланың мәйіті сыртқа шығарылды, деп хабарлайды Kazinform.
Бүгін, 25 қарашада сағат 13.24-те Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасына хабарлама келіп түсті.
«Онда облыс орталығындағы Балқы базар көшесі бойында орналасқан №5 емхананың жанында жасөспірім абайсызда қалалық кәріз құдығына түсіп кеткені айтылған. Сағат 18:00-де құтқарушылар күшімен 2015 жылғы баланың мәйіті кәріз құдығынан табылып, сыртқа шығарылды. Оқиға орнында департаменттің 18 қызметкері 5техникамен жұмыс жасады. Сондай-ақ, апаттар медицинасы орталығының филиалы, Полиция департаменті, «Қызылорда су жүйесі», жергілікті атқарушы орган мамандары қызметін атқарды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда тұрғыны полицияға хабарласып, бұрынғы жұмыс орнында бомба бар екенін айтқан.