Қызылордалық 34 жастағы әйел тұтыну кооперативін құрып, азаматтарға пайызсыз баспана және автокөлік алуға шақырып, салымшылардан ақша жинаған. Нәтижесінде 11 салымшы 17,6 миллион теңгесінен айырылған.
«Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабымен (қаржылық пирамиданы құру) кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеумен қатар, бес жылға бас бостандығынан айырды. Жәбіршіленушілерге келтірілген шығын өтелді», - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында «Қарасора-2024» кең ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы барысында 207 есірткі құқық бұзушылығы анықталды.
Есірткісі бар өсімдіктерді өсіру деректерін анықтауға, жасырын егістіктер және плантацияларды жоюға бағытталған іс-шара барысында 207 есірткі құқық бұзушылығы анықталған.