Қызылордада «Қазақ тілін меңгертуге арналған мәтіндер жинағы» жарық көрді
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысы тілдерді оқыту орталығы жанынан құрылған ғылыми кеңес мүшелерінің әзірлеуімен «Қазақ тілін меңгертуге арналған мәтіндер жинағы» жарық көрді.
Фото: Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы
Бұл жинақ филология ғылымдарының кандидаты, доцент Алдажар Әбіловтің бастамасымен қолға алынған.
Оған филология ғылымдарының кандидаты Аман Абасилов жетекшілік етсе, орталық директоры Мартана Дәулетбаеваның редакциялық басқаруымен жинақ жарық көрді.
Фото: Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы
Оқытушылардың бірлескен әдістемелік жинағы тіл үйренушілердің оқу сауаты мен тілдік дағдысын дамытуға, анықтау мен бақылауға бағытталған.
Сондай-ақ облыс аумағындағы жер-су атаулары арқылы мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту — жинақ авторларының түпкі мақсаты.
Тұсаукесер рәсімінде кеңес төрағасы Алдажар Әбілов орталық жанындағы ғылыми кеңес мүшелерінің еңбегін, тіл саясатын жүргізу бағытындағы жұмыстарын жоғары бағалады.
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.