Сәби жедел түрде Қызылорда облысының Жаңақорған ауданынан Қызылорда қаласына жеткізілді.
— Бортта экипажбен бірге медицина мамандары болды. Олар ұшу кезінде баланың жағдайын бақылап отырды. Ұшқыштардың және дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында ұшу сәтті өтті. Жаңа туған нәресте медициналық мекемеге жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына берілді, — делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару әуе кемесі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам елді мекенінің 1989 жылы туған тұрғыны шұғыл тасымалдады.