Тәуекелдерді басқару жүйесіндегі ұсыныстарға сәйкес 78 кедендік тексеру жүргізілді.
– Тексеру нәтижесінде 51 құқықбұзушылық анықталып, нәтижесінде 2,5 млн теңге мөлшерінде қосымша кедендік төлем есептеліп, өндірілді. Сонымен қатар 27 кедендік тексеру аяқталып, 173 млн теңге мөлшерінде кедендік төлем мен салық есептелді. Оның 141 млн теңгесі өндірілді, – деді облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Асқар Елеманов.
Мамандар 2023-2025 жылдар аралығындағы салықтық есептілікке талдау жүргізген.
– 3075 хабарлама жолданып, камералдық бақылау барысында құқықбұзушылық сомасы 53 603,3 млн теңге болды. Қосымша кіріс көздерін қамтамасыз ету бойынша жыл басынан бері 6 680,2 млн теңге салық және төлем есептелді. Оның 53,4%-ы немесе 3567,2 млн теңге өндірілді, – деді департамент басшысы.
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылдың II жартыжылдығы бойынша оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге камералдық бақылау нәтижелері туралы хабарлады.