Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, бұл тізімде 74 елді мекен бар. Көктемгі және күзгі залалсыздандыру жұмысын жүргізуге жергілікті бюджеттен 257 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.
- Облыстық ветеринария басқармасының дерегіне сәйкес жұмыс барысында 431 мыңнан астам мал, 21 мыңнан астам мал қорасы, 705 суат пен шаңлақ залалсыздандырылды. Бұл мақсатта кенеге қарсы жоғары тиімділікке ие «Ципертрин» ерітіндісі қолданылды. Көктемгі кезеңдегі жұмысты мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы атанған мердігер мекеме жүзеге асырды. Нәтижесінде залалсыздандыру шараларының орташа тиімділігі 97,8 пайыз болды. Қазіргі күні күзгі кезеңдегі залалсыздандыру жұмысына дайындық жүргізіліп жатыр. Бұл мақсатқа 106,9 млн теңге қарастырылған, - делінген кәсіпорын хабарламасында.
Жоспарлы профилактикалық жұмыс өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақты ұстап, аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралу қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.
Еске салайық, былтыр облыста қолайсыз елді мекендер саны 111 болатын.