Синоптиктердің ескертуі дәл келді. Бүгін кеш қарая бас шаһардың көшелері жылтырап шыға келді. Осыған орай қала әкімдігіне қарасты «Қызылорда тазалығы» мекемесінің 140 қызметкері мен 30 техникасы көктайғақтың алдын алу іс-шараларына жұмылдырылды.
- Арнайы техникалар көшелерге құм-тұз аралас қоспа септі. Осындай қолайсыз ауа райы кезінде облыс орталығының тұрғындарын жолда абай болуға шақырамыз, - делінген әкімдік хабарламасында.
Сондай-ақ көктайғақ болғанда қозғалыс қиындауы ықтимал екенін айта келе, халықты қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Еске салсақ, синоптиктер 4 желтоқсан күні елорда мен 14 өңірде ауа райы бұзылатынын ескертті.