ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында Қамбаш көліне батып бара жатқан екі жасөспірім қыз құтқарылды.
Оқиға бүгін, 27 маусымда сағат 13.00 шамасында болған. Қызылорда облысы Қамыстыбас станциясы құтқару бөлімшесінің құтқарушылары жағадан қашықтап кеткен екі жасөспірім қызды құтқарып қалды.
«Бас құтқарушы Аманбек Әбжалелов, құтқару бөлімшесінің құтқарушылары Заманбек Жұмағұл және Батырхан Бисембин Қамбаш көлінде патрулдеу жүргізіп келе жатқан еді. Сол сәтте жағадан 600 метр қашықтықта батып бара жатқан 2011 және 2016 жылғы қыз балаларды құтқарып қалды. судан шығарды.
Жасөспірім қыздардың жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес», - деп мәлім етті Қызылорда облысы ТЖД Жедел құтқару жасағынан.
Еске салсақ, биыл Қызылорда облысында биыл кене шаққан 522 адам дәрігерлер көмегіне жүгінген.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.