Қызылордада көлігімен бірнеше автокөлікті соққан 29 жастағы мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Kazinform.
Облыс орталығындағы Ғ.Мұратбаев көшесі бойында жүргізуші масаң күйде «Mercedes-Benz» маркалы автокөлігін басқарған.
«Көлік иесі полиция қызметкерлерінің нұсқауына бағынбай, тұрған «Volkswagen Passat» автокөлігіне соқтығысқан. Одан кейін жолда келе жатқан екі автокөлікті соғып, мүліктік шығын келтірген. Құқық бұзушы дер кезінде ұсталып, оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 3-бөлігімен дерегімен кінәлі деп танылды. Ол 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада екі жеңгетай әр клиенттен 5 мың теңгеден алып отырған.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.