Қызылордада көп мөлшерде дәрі ішкен оқушы ауруханаға түсті

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда қаласында 8 сынып оқушысы отбасылық келіспеушілік салдарынан көп мөлшерде дәрі ішіп, ауруханаға түскен. 

Фото: Kazinform

Бұл оқиға байланысты Қызылорда қалалық білім бөлімі төмендегіше түсініктеме берді.

«Аталған оқиғаға байланысты білім бөлімі төмендегі мәліметті жеткізеді. Ә.Тыныбаев атындағы № 11 мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы отбасылық келіспеушілік салдарынан дәрі ішіп, ауруханаға түскен. Бүгінгі таңда жағдайы қалыпты, үйіне шығарылды», — деп мәлім етті Қызылорда қалалық білім бөлімінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын жабдықталмаған жағажайда шомылған екі бала Сырдарияға батып кетті.