Қызылордада креативті индустрия субъектілерінің саны артады
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бүгін өткен мәжілісте қала, аудан әкімдері мен жауапты сала басшыларына креативті индустрия субъектілерінің қатысуымен өткізілетін ауқымды шаралар, жаңа жобалар бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
— Креативті индустрия субъектілеріне талдау жүргізіп, олардың санын арттыру, аудандардағы «Руханият орталықтарында» креативті хаб бұрыштарының жұмысын күшейту керек. Мемлекеттік архивтер мен мемлекеттік мекемелердің «Е-Архив» ақпараттық жүйесіндегі жұмысына ай сайын мониторинг жүргізіңіздер. Мекемелерге электрондық құжаттарды реттеп, архивке тапсыруға дайындау үшін әдістемелік, практикалық көмек көрсетіп, оқыту семинарларын өткізіңіздер, — деді аймақ басшысы.
Ал биыл 1 шілдеге дейін елімізде креативті индустрияны дамыту қоры құрылады.