Қызылордада құрылыс заттары дүкенінен өрт шығып, ондағы тауарлар түгел жанып кетті
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда қаласында құрылыс заттары дүкенінен өрт шығып, дүкеннің шатыры мен тауарлар толық жанды, деп хабарлайды Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Фото: Қызылорда облыстық ТЖД
Фото: Қызылорда облыстық ТЖД
Бүгін, 8 шілдеде сағат 11.49-де Қызылорда қаласы Әбілхайыр хан көшесінде орналасқан «Идеал» құрлыс заттары дүкені жанып жатқаны жөнінде хабар түскен.
«Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер дүкеннің құрылыс заттары мен шатыры толық жанғанын анықтады. Өрт сағат 12.30-да толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті өшіруге 7 техника және 30 қызметкер жұмылдырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Фото: Қызылорда облыстық ТЖД
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада қалалық орталық емханадан өрт шықты.
Фото: Қызылорда облыстық ТЖДФото: Қызылорда облыстық ТЖД
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.