— 31 шілдеде Қызылорда облысында денесінің 75%-ға жуығын күйік шалған аса ауыр жағдайдағы екі бала шұғыл түрде Алматы қаласының балалар және шұғыл медициналық көмек орталығына жеткізілді. Пациенттердің жағдайы ауыр, барлық қажетті емдеу шаралары жүргізіліп жатыр, — деп жазды министр.
Еске салайық, Қызылордада тұрғын үйде жарылған газ салдарынан төрт жасөспірім зардап шеккен болатын.
Оқиға Қызылорда қаласының Әл-Фараби шағынауданында жер үйде болған.
Газ ауа қоспасының жылыстауы салдарынан өрт шықпай-ақ үй қирап қалды.