Қызылордада мал ұрлығымен айналысқан 5 қылмыстық топ құрықталды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – 2024-2026 жылдар аралығында Қызылорда облысында ұрлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы жүзеге асты. Облыстық полиция департаментінен хабарлағандай, бағдарлама аясындағы профилактикалық шаралар нәтижесінде ұрлық 50,5% азайды. Ал оның ашылу көрсеткіші 9,6% жоғарылады.
- Жедел-іздестіру шаралары барысында мал ұрлығымен айналысқан 5 қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді. Бұл топтардың 25 малдың ұрлығына қатысы бары анықталды. 75 ұры құрықталды, - деді департамент бастығының бірінші орынбасары Серік Тоқтыбаев.
Белгіленбеген орындарда қараусыз жүрген мал иелеріне қатысты 851 әкімшілік шара қолданылды.
- Ветеринария қызметкерлерімен бірлесіп жалпы 364 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның 279-ы мал немесе ет өнімін заңсыз тасымалдаумен айналысқан, - деді Серік Тоқтыбаев.
ҚР Ішкі істер министрлігі бұған дейін еліміздегі қай өңірлерде мал ұрлығы көп кездесетінін мәлім етті.