Ол 1974 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген.
Шымкент мемлекеттік фармацевтикалық институтында провизор, Орталық Азия университетінде қаржы және несие мамандықтары бойынша білім алған. Еңбек жолын 1996 жылы Қызылорда қалалық перзентханасында дәріхана провизоры ретінде бастаған.
Әр жылдары Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінде, облыстық денсаулық сақтау басқармасында, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында жауапты қызметтер атқарған.
2024 жылдан осы күнге дейін ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінде басшылық лауазымдарда еңбек етті.
Осыған дейін аталған департамент басшысы болған Ғалия Байменова зейнет жасына жетіп, құрметті еңбек демалысына шықты.
Бұған дейін Қызылорда облыстық дін істері басқармасының басшысы лауазымына Мира Қазбекова тағайындалды.