Қызылордада өрт салдарынан 4 гараж, 6 сарай, 1 көлік өртеніп кетті
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында өрт салдарынан екі қабатты тұрғын үйдің жанында тұрған 4 гараж, 6 сарай, 1 көлік өртеніп кетті.
Фото: Қызылорда облысының ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.
Оқиға Қызылорда қаласындағы Ақжарма ауылдық округіне қарасты Талдыарал елді мекенінде болған.
«Екі қабатты тұрғын үйдің жанында 4 гараж, оған жапсарлас салынған 6 сарай жанып кеткен. Оған қоса «Тойота камри» жеңіл автокөлігі отқа оранды. Сарай ішінде тұрғындардың тұрмыстық заттары толығымен жанған», - деп мәлім етті. Қызылорда облысының ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысындағы білім беру орталығында болған өрттен 60 адам эвакуацияланды.
Фото: Қызылорда облысының ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.Фото: Қызылорда облысының ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.Фото: Қызылорда облысының ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.