ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда қаласында пышақ жарақатынан бір адам көз жұмды.
Оқиға бүгін, 2 маусымда Қызылорда қаласында болған.
Екі адам арасындағы жанжал туындаған.
Жанжал барысында бір адам пышақ жарақатын алып, қайтыс болған.
Бұл оқиғаны облыстық полиция департаменті растап, төмендегіше түсініктеме берді.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды», — деп мәлім етті департаменттен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада болған атыстан бір адам жараланған еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.