Қызылордада полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: polisia.kz

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда облыстық полиция департаменті Арал ауданында тәртіп сақшысының пара алып ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады. 

– Қызылорда облысы полиция департаменті қызметкерінің заңсыз іс-әрекетіне қатысты қылмыстық іс тіркелді. Басқа мәліметтер Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабының талабына сәйкес жарияланбайды, - делінген хабарламада. 

Департамент заң бұзушының мәртебесіне қарамастан кез келген заңсыз әрекетті қатаң айыптайтынын мәлімдеді.

– Қазіргі уақытта тіркелген деректің барлық мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада. 

Бұған дейін біз Қызылорда қаласының № 2 соты Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының бұрынғы прокурорына қатысты сот процесін аяқтағанын жазғанбыз.