Жергілікті тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында осындай келеңсіздікті анықтады.
— Олар осы әрекетімен лифтідегі басқа адамдарға қауіп төндірген. Бейнежазбаның соңында азаматтар бұл әрекеттің пранк екенін айтқан. Аталған дерек бойынша Қызылорда қаласының Нұрсұлтан Қасымбек есімді 20 жастағы тұрғыны полицияға жеткізіліп, сот шешімімен оған айыппұл түріндегі жаза тағайындалды, — делінген облыстық полиция таратқан хабарламада.
Полиция мұндай орынсыз әзілдер заңға қайшы екенін ескертіп, азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтап, айналасындағы адамдарға құрметпен қарауға үндеді.
Бұған дейін Қызылорда қаласының 25 жастағы тұрғыны Айғаным Артықбек TikТok-тағы тікелей эфирде бейәдеп сөз айтқаны үшін жазаланған еді.