Жоба испаниялық Roca Group компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр және аталған сала бойынша Орталық Азиядағы ең ірі жобалардың біріне айналады.
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың айтуынша, жобаға тартылатын инвестиция көлемі €70 млн. Ал кәсіпорынды іске қосу өңір тұрғындарын 300 жаңа жұмыс орнымен қамтуға мүмкіндік береді. Зауыт тек ішкі нарықты ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар өнімді шетелге экспорттаумен де айналысады деп жоспарланған.
– Мемлекет басшысының инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасын орындау үшін біз шетелдік инвесторлармен жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз. Өткен жылы Roca Group компаниясымен Қызылордада өндіріс орнын ашу мәселесін талқыладық. Компания санитарлық-техникалық бұйымдар өндіру саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі саналады. Roca Groupпен бірлесіп өндірісті бастау туралы негіздемелік келісімге қол қойылды, - деп атап өтті әкім.
Айта кетейік, Олжас Бектенов Сантьяго де Гомар Рокамен Қызылорда облысындағы зауыт құрылысын талқылады.