Қызылордада сауда орталығында бомба бар деген хабар жалған болып шықты

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда қаласында сауда орталығында жарылғыш зат бар екендігі жөніндегі хабарлама жалған болып шықты.

Фото: polisia.kz

Әлеуметтік желіде айтылғандай, 1 шілдеде қала орталығында орналасқан сауда орталығында жарылғыш зат бар екендігі жөнінде хабар түскен.

Тұрғындар сыртқа шығарылған.

Оқиғаға байланысты Қызылорда облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

«Оқиға орнына шұғыл түрде жедел қызметкерлер жіберілді. Тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде тыйым салынған заттар мен жарылғыш құрылғылар табылған жоқ. Қызылорда облысының полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді», — деп атап өтті департаменттен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада қалалық орталық емханадан өрт шыққан еді.