ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда қалалық соты синтетикалық есірткі затын сақтаған 37 жастағы тұрғынға үкім шығарды.
Қызылорда облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 2023 жылдың сәуір айында Қызылорда қаласында «Ravon-R4» автокөлігінен есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар тәркілеген еді.
«Зерттеу сараптамасымен тәркіленген зат 2,78 грамды құрайтын психотроптық зат екені расталды. Психотроптық заттын иесі оны тауып алғанын айтты. Содан кейін оны достарымен бірге қолданғанын айтып, өзінің кінәсін мойындады. Өкінетінін жеткізіп, жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Соттың үкіміне сәйкес, оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада әйелін өз-өзін өлтіруге дейін жеткізген ер адам сотталды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.