Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жоба 3 шақырым аумақты қамтиды.
- Оған 50 маман мен 18 арнайы техника жұмылдырылған. 2 шақырым учаскеге геобекіткіш торлар төселіп, таспен толтырылады. Қалған бөлікте еңіс қалыптастыру жұмысы жалғасып жатыр. Арнайы тірек құрылымдары жағаны су шаюдан қорғайды. Ал жаяу жүргіншілер мен веложолақтар тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы қозғалысын қамтамасыз етеді, - делінген хабарламада.
Әзірге жобаның 50%-ы орындалды.
Еске салайық, Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп, Сырдария өзенінің суын есепке алу жүйесін автоматтандырмақ.