Қызылордада скутер тізгіндеген жасөспірім жол апатына ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда қаласындағы Мұратбаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында «Nissan Juke» автокөлігі мен скутер соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды. Скутерді кәмелетке толмаған жасөспірім тізгіндеген, ол бірден ауруханаға жеткізілді. Жол апаты бойынша сараптама тағайындалып, тексеру жүргізілуде.
«Қызылордада мопедтердің, электроскутерлердің және микромобильді көліктің басқа түрлерінің қозғалысына қатысты мәселе бар. Көбіне осы көлік түрлерін жүргізетін адамдар жол жүру ережесін бұзады, сол арқылы басқа жүргізушілерге және жолаушыларға қауіп төндіреді» дейді облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада өзіне сеніп тапсырылған 21 түйені сатып жіберген бақташы қолға түсті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.