Қызылордада сот төрағалары мен судьялар тағайындалды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Бүгін Қызылорда облыстық сотының төрағасы Әділхади Шығамбаев Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 9 маусымдағы №1312 жарлығын сот ұжымына таныстырды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Freepik

Жарлыққа сәйкес Қызылорда облыстық сотының судьялары болып Рысдәулет Шәмшиев, Меруерт Тоғызбаева, Эльмира Ахметова тағайындалды. Қызылорда қаласы №2 сотының төрағасы болып Исағали Тұңғышбаев, Жалағаш аудандық сотының төрағасы болып Олжас Әбдуқалықов тағайындалды. Сонымен қатар Санат Сержанов Қызылорда қаласы №2 сотының судьясы лауазымын иеленді.

Таныстыру рәсімінен кейін жаңадан тағайындалған судья Санат Сержанов Қазақстан судьяларының антын қабылдады.

Облыстық сот төрағасы судьялардың жұмысына сәттілік тіледі.

Бұған дейін Қостанай облыстық сотында жалпы отырыс өтіп, онда сот төрағасы Алмат Ерманов облыстың сот жүйесіне жаңадан тағайындалған судьяларды таныстырған еді.