Кәсіпорын тіркелімге енгізу туралы өтінішпен департаментке жүгінбеген.
— Атап айтқанда, табиғи монополия саласына тиесілі қызмет көрсеткен. Тұтынушылардан сумен жабдықтау қызметі үшін 6,5 млн теңге көлемінде және су бұру қызметі үшін 1,2 млн теңге көлемінде кіріс түсірген. Табиғи монополиялар туралы заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың уәкілетті орган қалыптастыратын тізімі табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімі болып есептеледі. Тіркелімге енбеген тұлғалар реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсына алмайды. Кәсіпорын заңның 11-бабының талаптарын сақтамаған. Нәтижесінде әкімшілік іс қозғалып, заңбұзушылықты жою туралы нұсқама берілді. Қызылорда қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен аурухана әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Құқық бұзу арқылы алынған 1,2 млн теңге кіріс сомасы мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, — делінген хабарламада. Қазіргі кезде айыппұл толық көлемде өндірілді.
Еске салсақ, елімізде бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында «Табиғи монополиялар туралы» ҚР заңына өзгерістер енгізілді.