АСТАНА. KAZINFORM - Қызылорда облыстық тілдерді дамыту орталығының қолдауымен «Тағам атауларының сөздігі» жарыққа шықты.
Оны дайындауға орталық жанынан құрылған ғылыми кеңес төрағасы, филология ғылымдарының кандидаты Алдажар Әбілов пен мен Кеңес мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Аман Абасилов қатысты. Осылайша оқырмандар тағам атауларының сөздігінің қазақша-орысша және орысша-қазақша нұсқасын пайдалана алады.
Аталған сөздік аясында кеңес мүшелері қоғамдық тамақтану орындарындағы тағам атауларын қазақшалау мақсатында 2052 тағам атауын республикалық терминология комиссиясына ұсынды. Сол ұсыныс негізіндегі қазақша тағам атауларының 271 сөздігі ресми түрде бекітіліп, www.termincom.kz сайтына жарияланды.
Осы сөздіктің жарыққа шығуына Кеңес төрағасы А.Әбілов пен мүшесі А.Абасилов жалпы редакциялық басқаруда үлкен еңбек сіңірді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.