Қызылордада такси жүргізушісіне шабуыл жасағандар қолға түсті

АСТАНА. KAZINFORM - Қызылордада такси жүргізушісіне шабуыл жасаған екі адам қолға түсті.

Фото: pixabay.com

Қызылордада екі адам такси тоқтатып, өздерін қала орталығына апарып тастауын сұраған. Жүргізуші оларды айтылған жерге бағыт алған сәтте оған шабуыл жасаған. 

- Автокөлік салонының артында отырған біреуі оны ұрып-соққан. Жүргізушінің телефонын, қолда бар ақшасын тартып алған. Содан кейін оны далаға тастап кеткен. Өздері автокөлікті қала сыртына тастап, оқиға орнынан ізін жасыруға тырысқан. Оларды ұстау бойынша арнайы жоспар енгізілді. Нәтижесінде полицейлер Шымкент қаласының жедел қызметкерлерімен жедел іс-шара жұмысын жүргізу барысында екі күдіктіні ұстады. Күдіктілер Алматы облысының тұрғындары болып шықты. Күдіктілер қамауға алынып, тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Жамбыл облысында 2,5 ай бұрын жоғалған жігіт Қызылордадан табылды.