ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда қаласында танысының телефонын ұрлау арқылы 4 млн теңгені басқа банк есепшотына заңсыз аударған 30 жастағы азамат ұсталды.
Қызылорда қалалық полиция басқармасына 68 жастағы қала тұрғыны шағымданды. Ол танысының телефонын ұрлап алғанын, банк қосымшасынан 4 миллион теңгені басқа банк есеп шоттарына заңсыз аударып алғанын айтқан.
«Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 30 жастағы күдікті анықталып, басқармаға жеткізілді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ақпараттық жүйеге заңсыз кіру жолымен жасалған ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қызылорда облысында қос азаматтығы бар ресейлік әйел анықталған еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.