Қызылорда облысында жыл басынан бері жедел респираторлы вирусты инфекцияға шалдыққандар арасында 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі басым. Олардың саны 22 мыңға жуықтады, деп хабарлайды Kazinform.
Облыста жыл басынан бері 33 456 адам жедел респираторлы вирусты инфекцияға шалдыққан.
Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар үлесі – 21 971.
Ал тұмау ауруы 68 адамнан анықталды, соның 20-сы 14 жасқа толмаған балалар арасында тіркелді.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықты тұмаудан қорғаудың жалғыз және тиімді әдісі ретінде тұмауға қарсы вакцинациялауды ұсынады. Осы мақсатта тұмаудың эпидахуалын тұрақтандыру және ауру деңгейін төмендету бағытында жыл сайын жергілікті бюджеттен тұмауға қарсы вакцина сатып алынады. Биыл 84 430 доза вакцина қоймаға жеткізілді. Тұмауға қарсы иммундауға Ресей елінде өндірілген «Гриппол плюс» вакцинасы қолданылады. Биылғы жылдың қазан айындағы есеп бойынша 25074 адам тұмауға қарсы екпе алды», - деді Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.