ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысы Тасбөгет кентінде тұрғын үй гаражында болған өрттен жеңіл автокөлік толығымен жанып, 46 жастағы азамат дене күйігі жарақатымен ауруханаға жатқызылды.
Оқиға 12 сәуірде сағат 16.57- де Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентіндегі тұрғын үйдің ауласында болған.
Тұрғын үйге жапсарлас салынған монша мен гараж жанған. Салдарынан гараж ішіндегі «Нива» маркалы жеңіл автокөлігі толығымен жанған. Өрт сағат 17.38-де толық сөндірілді. Өрт салдарынан 1978 жылы азамат дене күйігі жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінен, Апаттар медицинасы орталығының филиалынан, жергілікті полиция қызметі басқармасы, Қызылорда электр торабын тарату мекемесінен мамандар жұмыс атқарды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.