Қызылордада университет жатақханасынан құлаған студенттің жағдайы белгілі болды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Әлеуметтік желіде 14 мамыр күні Қызылордадағы университет жатақханасынан студенттің құлап кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Осыған байланысты университет әкімшілігі ресми мәлімдеме жасады.

Фото: Александр Павский/Kazinform

– Бүгін шамамен таңғы сағат 09:00 кезінде студент қыз биіктіктен құлап кетті. Көп ұзамай ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде жағдайы тұрақты. Дәрігерлер қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр, - делінген хабарламада. 

Оқу орнының басшылығы дәрігерлермен және құзырлы органдармен тұрақты байланыс орнатқан. Оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты тексеруден кейін белгілі болады. 

Бұған дейін Қызылордада медицина колледжінің студенті жатақханада кісі қолынан қаза тапқан болатын