Автокөлік жүргізушілеріне ҚР Әкімшлік құқық бұзушылық кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілк хаттама толтырылды. Онда көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы жағдайы тіркелген.
«Жол бойында арнайы 20 автокөлік пен 45 техника жұмылдырылып, құм-тұз себу жұмыстары жүргізілді. Жүргізушілерден көлік жылдамдығын арттырмауын сұраймыз. Жылдамдық режимін сақтау, сондай-ақ автомобильдер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтау және қысқы дөңгелектермен жабдықталу маңызды. бұл жолдағы күтпеген апаттың алдын алуға бірден-бір себеп», - деп мәлім етті Қызылорда қаласының Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдар Қасанов.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада полиция қызметкерін қағып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды.