Қызылордада жаңадан тағайындалған судьялар ант қабылдады

Фото: Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облыстық сотының төрағасы Әділхады Шығамбаев 2026 жылғы 2 наурыздағы Президент Жарлығын сот ұжымына таныстырды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Жарлық бойынша Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары болып Ринат Бегімбаев және Айнұр Қайбалдиева, Қызылорда қалалық сотының судьясы болып Нұргүл Жүнісова тағайындалды. 

— Бегімбаев Ринат Маратұлы әр жылдары түрлі мекемеде заңгер, заң бөлімінің басшысы, директор қызметтерін атқарған. 2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Түркістан-Қызылорда өңіраралық заң консультанттары палатасында заң консультанты болған. Айнұр Қайбалдиева сот жүйесінде 2001 жылдан бастап еңбек етіп келеді. Әр жылдары сот отырысының хатшысы, жетекші маман, бас маман, қеңсе меңгерушісі болды. 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін сот әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыру-талдау бөлімінде бас маман қызметін атқарған. Нұргүл Жүнісова сот жүйесіндегі еңбек жолын 2013 жылы бастаған. Әр жылдары жетекші маман, бас маман-сот мәжілісінің хатшысы, бас маман қызметтерін атқарып, 2023 жылдан бері қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты әкімшісін басқарған, — делінген хабарламада.

Шара барысында жаңадан тағайындалған судьялар Қазақстан Республикасы Судьяларының антын қабылдады. 

Бұған дейін Жоғары сот кеңесінің кезекті отырысы өтіп, кеңес жанындағы комиссиялар мен сот жюриінің 2025 жылғы жұмыс қорытындылары, сондай-ақ сот жүйесін кадрлық қамтамасыз ету мәселелері қаралған болатын.