Электр энергиясын бөлшек саудада өткізу бойынша тұтыну көлемі мен тұтынушылардың тобына қарай сараланған баға қолданысқа енгізілмек.
— Шекті баға қосымша құн салығынсыз 35,17 теңге, қосымша құн салығымен 40,7972 теңге болып белгіленді. Ол арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар аумағында орналасқан тұтынушыларға, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге де қолданылады. Жеке тұлғалар, оның ішінде электр энергиясын тауар, жұмыс өндіруге немесе сатуға, қызмет көрсетуге қатысты емес, өзінің тұрмыстық қажеттілігі үшін пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар үшін шекті баға — қосымша құн салығынсыз 28,02 теңге, қосымша құн салығымен 32,5032 теңге, — делінген компания таратқан хабарламада.
Төлем мөлшері тұрмыстық тұтынушылар, яғни жеке тұлғалар үшін электр плитасын пайдаланатындар және пайдаланбайтындар болып жіктеледі. Жасы бойынша жалғыз тұратын зейнеткерлер, мүгедектер, екінші дүниежүзілік соғыс қатысушылары мен оларға теңестірілгендер үшін (меншігінде біреуден артық тұрғын үйі бар азаматтарды қоспағанда) жеңілдіктер қарастырылған.
Еске салайық, жуырда Шымкентте жылыту маусымы қарсаңында жылумен жабдықтау тарифтері қайта қаралды. Өзгерістер заңды тұлғалар мен кәсіпорындарға қатысты болды. Ал тұрғындар үшін жылу тарифтері бұрынғы деңгейде қалды.