Қызылорда қаласында тұрғын үйлердің ауласында болған жасөспірімдердің топтық төбелесіне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazinform.
Тұрғындардан 102 арнасына жасөспірімдер төбелесіп жатқандығы жөнінде хабарлама түскен. Оқиға Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында болған.
«Полиция қызметкерлері дереу хабарлама бойынша оқиға орнына жетті. Төбелеске қатысқан жасөспірімдер анықталып, Қызылорда қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс негізінде тиісті сараптамалар тағайындалып, құқықтық баға берілетін болады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысы мектептерінде сотталған және дипломы жалған адамдар анықталды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.