ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда қаласында жеңіл көлік қоғамдық автобуспен соқтығысып, оқиға орнында бір адам қаза тапты.
Әлеуметтік желіде жазылған мәлімет бойынша, оқиға 27 маусымда болған. Қоғамдық автобус пен жеңіл көлік соқтығысып қалған. Оқиға орнында жеңіл көлік жүргізушісі көз жұмған.
Бұл жөнінде Қызылорда облыстық Полиция департаменті төмендегіше түсініктеме берді.
«Аталған дерек бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп мәлім етті департаменттен.
Еске салсақ, бұдан бұрын қызылордалық әйел мәйітханадан 1 млн теңге моральдық шығын өндіріп алды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.