ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда қаласында «КаМАЗ» жүк көлігі жасөспірімді қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасынан жасөспірім ауруханаға жеткізіліп, қайтыс болды.
Әлеуметтік желіде жазылғанындай, оқиға Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылдық округі аумағында болған.
Бұл оқиғаның болғаны жөнінде Қызылорда облыстық полиция департаменті растап, төмендегіше түсініктеме берді.
«Айта кетсек, КаМАЗ маркалы жүк көлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған жасөспірімді қағып, жол-көлік оқиғасы тіркелді. Дене жарақатын алған жасөспірім Қызылорда көпбейінді ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Жасөспірім алған жарақаты салдарынан қайтыс болды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп мәлім етті департаменттен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада зейнеткерді тонап кеткен күдікті ұсталды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.