Қызылордада жүк көлігі қаққан әйел оқиға орнында көз жұмды

Фото: Қызылорда облыстық полиция дпартаменті

Қызылорда қаласында белгіленбеген жерден өткен жаяу жүргіншіні жүк көлігі қағып кетті. Ол оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform. 

Қызылорда қаласына қарасты Ж.Махамбетов ауылының тұсында «Самара-Шымкент» автомагистральды тас жолында 6 қазанда сағат 18:30 шамасында 32 жастағы азаматша белгіленбеген жерді кесіп өтпек болған.

«Жаяу жүргіншіні «SCANIA» жүк автокөлігі қағып, салдарынан 32 жастағы азаматша оқиға орнында көз жұмды. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Полицейлер жүргізушілерге де, жаяу жүргіншілерге де жолда барынша сақ болуды ескертеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада қаржы пирамидасын ұйымдастырған әйел ұсталды.